Әлеуметтік-эмоционалдық дағды
Өзін-өзі ұстау, эмоцияны түсіну, достық қарым-қатынас, тәртіп сақтау.


Қарым-қатынас дағдысы (тіл дамыту)
Сөйлеу, сөздік қоры, өз ойын жеткізу, басқа балалармен және ересектермен сөйлесу.


 


Физикалық дағды (дене дамуы) Баланың қимыл-қозғалысы: жүгіру, секіру, тепе-теңдік сақтау, ұсақ моторика (саусақпен жұмыс).

 

Шығармашылық дағды Сурет салу, мүсіндеу, ән айту, рөлдік ойындар арқылы қиялын дамыту.

Ойлау, есте сақтау, салыстыру, санау, сұрақ қою, қоршаған ортаны тану.

Мен, Күншуақ тобының тәрбиешісі Танатарова Назым Онталаповна.
Еңбек өтілім – 10 жыл
Біліктілік санатым – модератор.
Педагогикалық қызметімнің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың жеке қабілеттерін ашу, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру.
Жұмыс барысында заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, балалардың тілдік, зияткерлік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беремін. Әр тәрбиеленушінің жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру мен тәрбиелеуді үйлесімді жүргіземін.
Тәрбиелік жұмысымда балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу басты бағыттардың бірі болып табылады.
Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнатып, бала тәрбиесінде бірлескен жұмыс жүргізуді маңызды деп санаймын.
Кәсіби шеберлігімді үнемі жетілдіріп, білімімді арттыру арқылы заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті педагог болуға ұмтыламын.